Электромобильмен Алматыда: Tesla мен Zeekr жалға алушыларға кеңес
2026 ж. 8 қазан · 4 мин оқу

Joldar-да алғашқы электромобильдер пайда болды: Tesla Model Y және Zeekr 001. Екеуі де толық жетекті, бір зарядпен 400 шақырымнан астам жүреді.
Алматыда жылдам зарядтау станциялары сауда орталықтары мен үлкен жанармай бекеттерінде бар, қосымшада иесі ең жақын станцияларды көрсетеді. Қыста қашықтық 20–30%-ға азаяды, тауға барарда соны ескеріңіз.
Ереже қарапайым: көлікті алғандағы заряд деңгейімен қайтарасыз. Айырмашылық болса, иесі чекпен өтем сұрайды, бензинмен бірдей тәртіп.
Электромобильді бір рет байқап көргісі келетіндерге бір күндік сапар жеткілікті: қаланың ішінде шу мен дірілсіз жүру өзгеше тәжірибе.


